Өнер өмірден үйренбейді, керісінше, өмірге үйретеді. Кез келген затты қажеттілікке жарата аламыз. Ол, мейлі, керек емес зат болса да. Мәселен, Канадалық өнер иесі туралы бұрын-соңды есітіп пе едіңіз?!
Канадалық Гай Ларами кітаптардан керемет мүсін жасауды біледі. Ескі сөздіктер мен энциклопедиялар өз кезегінде материал ретінде қолданылады.
Аталған материал көздерінен ол тау ландшафтылары мен тау шоқыларын және табиғат түстерін жасап шығады. Автордың сөзімен айтсақ, керек емес кітаптар уақыты келгенде, өздері-ақ тауға айналады, ал ол болса, тек әр бере алады екен.
Одан да басқа көптеген шығармашылық жұмыстармен айналысады екен. Мәселен, ән жазу, театрға режиссерлік ету, музыка аспаптарының сәнін жасау, ән айту, сурет өнері - бір Гай Ларамидің бойындағы тұнып жатқан қасиеттер. Бүгінгі таңда әр түрлі фестивальдардан 30-ға жуық сыйлықты иеленген.
Сурет: mirfaktov.com
Дайындаған: Фараби Бақыт