Кішкентай Париж

Кішкентай Париж

ХХ ғасырдың басында Францияда айдай әлемді аузына қаратқан Эйфель мұнарасы бой көтергенде ешкім оның көшірмесі пайда болады дегенді ойламаған да еді. Ал бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде оның әртүрлі көлемдегі үлгілері бой көтеріп жатыр. Алматы қаласындағы француз үйінің алдында орналасқан мұнара сөзіміздің дәлелі бола алады. 

Осындай мұнаралардың бірі Қытайдағы Тиандученг атты шипажайлық қаладағы "кішкентай Париж". Айтпақшы, бұл жерден мұнарадан басқа француздық көрнекіліктердің бірнеше "көшірмесін" көре аласыз (триумфтық қақпа, Версаль саябағы және еуропалық стильде тұрғызылған көптеген үйлер).

Қытайдағы "кішкентай Парижді" тұрғызу идеясы 2007 жылы пайда болды. Ал жобаны толықтай жүзеге асыру үшін бес жыл қажырлы еңбек етілді.

Қытайлық жас жұбайлар бұдан былай Еуропаға ат терлетіп аттанбай-ақ, бал айларын осы қалада өткізетін болған. "Кішкентай Париждің" айналасына кешқұрым суретке түсу үшін жиналатын жастардың санында шек жоқ.

Мұнараның жалпы биіктігі - 108 метр. Бұл шынайы Эйфельден екі есе кіші деген сөз.

Тиандученг қаласында шамамен 10 мыңға жуық тұрғын бар. Мұнда туризм жоғары деңгейде дамыған.

Суреттер:xroniki-nauki.ru,1spo.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева