Кішкентай кітаптар музейіне саяхат

"Бакуға саяхатты" жалғастырамыз. Сәті туып, Бакуге жол түссе, кішкентай кітаптар музейіне баруға кеңес береміз. Бұл музейді Әзірбайжанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Зарифа Салахова ашқан. Біз біліп қайттқан қызықты мәліметтерді бөлісуді жөн көрдік.

Музейдің алғашқы экспонаты Крыловтың 1835 жылы жарық көрген мысалдар жинағы. Оны 1982 жылы Зарифа Салахова аяқ астынан тауып алған екен. Содан бастап, осындай кітаптарды топтастыра бастаған. Кітаптарды көруге 400 мыңға жуық адам келген, оның 200 мыңы туристер. Олардың арасында РФ-ның бұрынғы президенті Б. Ельцин, Эстония мемлекетінің бұрынғы президенті А. Рюйтель, актер Жерар Депардье бар.

Әлемдегі көп мини кітап жинаған музей ретінде 2014 жылы Гиннес рекордтар кітабына енген. Сол кездің өзінде музей қорында 2913 экспонат болған. 2016 жылы 3137 кітап иесі үндістандық Сатар Адхур бұл аталымды музейден алып алды.

Қазіргі таңда Әзербайжанда дәл осындай 3 музей бар. Нахичеванидегі филиалы 2014 жылы ашылған, 1120 кітап бар. Гянждегеі филиалы 2016 жылы ашылған, 1060 кітап бар. Шекиде 2017 жылы тағы бір филиал ашылған, 660 экспонат сақталған. 2018 жылы Салахованың коллекциясында 8700-нан астам экспонат болған. Олар әлемнің 82 елінен алынған.

Коллекцияда 100×100 мм, 76,2×76,2 мм және 10x10 мм мөлшердегі кітаптар бар.

№1 витринада Әзербайжанда жарық көрген кішкентай кітаптар сақталған.

№2 витринада лупамен немесе тіпті микроскоппен оқитын кітаптар жинақталған. Бір-ақ данамен не шектеулі тиражбен жарық көреді екен.


№3 витринада діни әдебиеттерді көруге болады. Осы коллекциядағы ең кішкентай кітап 1672 жылы Сауд Арабиясында басылған 20×30 мм мөлшердегі Құран

КСРО және Ресейде басылған кішкентай кітаптар №4-21 сөрелерден орын тапқан. Оған қоса, кей біреулерінде автор қолтаңбасы бар.

Бұл сөрелерден Абайдың Қара сөзін, Ж. Молдағалиев, М. Әуезов, Ы. Жақаев, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсіреповтің кітаптарын кездестіресіз. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының астында суретке түсіп алдық.

37-витринада коммунистикалық қозғалыста бой көрсеткен тұлғалардың не соларға арналған кітаптар жинақталған.

Тағы бір витринада келушілер тастап кеткен кішкентай дүниелерді де кезіктіруге болады. Мысалы, ғарышқа барып келген нан, сырт пішіні шоколадқа ұқсай ма? Бұны "Союз ТМА-08М" кеме экипажы сапардан алып кеп, арнайы осы музейге ескерткіш ретінде қалдырып кеткен.

Ағашқа жан бітірген суретші