Кісі өлтіруші қолтырауын ұсталды (видео)

Лолонгтың ұзындығы алты метрден артылып, салмағы тоннадан асады...

Кісі өлтіруші алып қолтырауын бүгінде Филиппин қорығында қаралуда. Ұсталған күні-ақ ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енген. 

Қыркүйектің бас кезінде ұсталып отыр. Жұрт жаппай дүрлігіп, ел-жұрт жоғалып кеткен бірнеше адамды, оның ішінде кішкентай балаларды іздестіруге шыққанда жолықтырған. 

Лолонгты ұстау үшін бір қуысқа қуып тығып, кранның көмегімен жүк машинасына тиеген. Бұрынырақта өзін аулауға шығып, мерт болған офицердің есімімен аталыпты. 

Қолтырауындар – осыдан 250 миллион жыл бұрын пайда болған әлемдегі ең үлкен және ең мықты жыртқыштар болып саналады. Олар орташа есеппен 80-100 жыл өмір сүреді. Табиғи жағдайда жаулары жоқ деп есептеледі.

Рекордтар кітабына енген бұрынғы туыстасы Лолонгтан бір метр қысқа және жүз келіге кем болып шықты. Бүгінде бір өзі Бунаванды туристік орталыққа айналдырудың бірден-бір басты үмітіне айналған: қаланың пайдасына қазіргі таңның өзінде 72 мың АҚШ доллары түсіпті. Оның көбі оны ұстап тұруға және саябақтың жабдықтарына жұмсалған екен...

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/8ulVTFFLisA","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: loveopium.ru