Қояндар аралы

Қояндар аралы

Окуносима  - Жапониядағы Хиросима мен Сикокудың аралығында орналасқан шағын арал. Нақтырақ айтсақ, басқа емес, қояндарға арналған нағыз "жұмақ" мекен деуімізге әбден болады. Көрген көздер аралдың қожайындары мұнда өздерін кәдімгідей батыл сезінеді деседі.

Ел аузында "Қояндар аралы" аталып кеткен мекен өз атауын өте қайғылы жағдайда иемденді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бұл аумақта аса құпиялы химиялық қарулардың сынағы өткізілген екен. Өте қауіпті ядрохимикаттардың сынағы 1945 жылға дейін жалғасқан. Өйткені, бұл жер Токиодан анағұрлым алыс болатын.

Соғыс жылдарында аралда 6 тонна иприт (тұрақты уландырғыш зат) өндірілген екен. Құпия нысан туралы ақпарат тарап кетпес үшін арал картаға да түспеген, керек десеңіз, зауыт қызметкерлері өздерінің не өндіріп жатқанын да білмеген. Соғыс аяқталысымен, зауытқа қатысты барлық құжаттар өртелінеді.

Қояндардың пайда болуы да кездейсоқтық емес, о баста оларды да у дәрілерге байланысты сынақтар өткізу үшін әкелген болатын. Жоба өз мақсатына жеткен соң, қояндар жайында қалады. Жарты ғасырдың ішінде олардың саны 300-ден асқан. Айтпақшы "Окуносима" сөзін жапон тілінен аударғанда "Қояндар аралы" деген мағынаны білдіреді.

Арал туралы ақпараттардың газет-журнал, ғаламтор беттерінде пайда болғандығына көп уақыт болған жоқ. Десе де, бейкүнә қояндардың тіршілігін тамашалауға ағылып жатқан туристердің санында шек жоқ. Тіпті, қонақтарға арнап қонақ үй салынған да көрінеді.

Соғыстың аяқталғандығына қаншама жылдар өтсе де, арал әлі күнге дейін қауіпті. Арал қызметкерлері туристерге жиі ескертулер жасауда.


Суреттер:ru.123rf.com,liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева