Суретші Уэйн Адамс пен Кэтрин Кинг кез келген өнер азаматы секілді табиғат аясына шыққанды ұнатады. Табиғат ананың құшағында болғанды жандары қалайды. Екеуінің бұл сүйікті ісі таңғажайып идеяға ұйытқы болды. Бір күні Уэйн мен Кэтрин қала өмірінің барлық машақатынан безіп, өз беттерінше өмір сүруге бел буады. Қос ғашық өмір бойы армандаған үйін тұрғызумен айналысқысы келеді. Ол үшін екеуіне бақандай он жыл қажет болған. Олар жай ғана үй емес, су бетінде қалқып тұратын жасанды арал жасайды. Жасанды арал Британия Колумбиясында Ванкувер аралының жағасында орналасқан. Арал "Еркіндік айлағы" деп аталады.
Шағын арал барлық келушіні өзінің тамаша үйлесімділігімен таңғалдырады. Еркіндік айлағы 12 қалғымалы платформадан жасалған. Мұнда би алаңы, көркемөнер галереясы, шамшырақ, Уэйн Адамстың шығармашылық студиясы және 5 жылыжай бар.
Кэтрин: "Біз табиғатпен үйлесімде өмір сүруді таңдадық. Ол үшін әр күн сайын өз қағидамыздан бас тартпау жолында барлығын істеп жатырмыз", - дейді. 66 жастағы Уэйн Адамс пен 59 жастағы Кэтрин Кинг өмірлерін өз қалауынша өткізіп жатыр. Кей кездері туристер де ат басын бұрып тұрады. Уэйн мен Кэтрин болса кез келген қонағын құшақ жая қарсы алады.
1991 жыл
1992 жыл
1998 жыл
2015 жыл
Сіз өміріңізде Кэтрин мен Уэйн секілді адамдарды кездестірдіңіз бе? Олардың бұл ісі туралы не ойлайсыз? Сіз осындай батылдыққа бара алатын ба едіңіз?