Көпшілік қауымды заманауи үлгіде тұрғызылған ғимараттарға қарағанда, тарихтың иісі аңқып тұратын, көненің көзі саналатын құрылыстар қызықтырып жатады. Мұндай ерекше ғимараттарды көргенде құпиясын ашқыңыз келіп, үңіле түсесіз. Сауд Арабиясында орналасқан Мадаин-Салех ескерткіші де сізді бей-жай қалдырмайтындығына сенімдіміз.
Осыдан екі мың жыл бұрын ескерткіш орналасқан мекенде Хегра атты сауда орталығына айналған өте үлкен қала болған. Мадаин-Салех атты тас қорым – дәл осы қаладан қалған жалғыз ескерткіш. Ғалымдардың айтуынша, қорым б.з.д. І ғ-б.з. І ғ. аралығында соғылған екен.
Қорған қабырғаларынан Ассирия, Египет елдеріне тән өрнектер мен әр түрлі тілдердегі жазбаларды оқуға болады. Және мұндай өрнектер әлемде ешбір жерде кездеспейтіндігін де ескеру керек.
Мадаин-Салех 1972 жылы ресми түрде туристік объект мәртебесіне ие болды, ал 2008 жылы ЮНЕСКО-ның аса құнды мұраларының тізіміне қосылды. Және де Мадаин-Салех - Сауд-Арабия жеріндегі мұндай бағаға ие болған алғашқы ескерткіш.
Суреттер:kulturologia.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева