- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қонақүйге айналған пойыз...
Қонақүйге айналған пойыз
Оңтүстік Африка жерінің Оңтүстік Капска провинциясы, Моссел Бей қаласы, Сантос жағажайында ескі пойыз кішігірім қонақ үйге айналған.
Үйшік «Santos Express Train Lodge» немесе жай ғана «Пойыз» деп аталады. Шамамен теңіз жағалауынан 30 метр қашықтықта орналасқан. Пойыздың вагон саны небарі жетеу, оның екеуі – жатын бөлме. Дәретхана мен душ кабиналарымен жабдықталған. Бесінші вагонда 16 төсек орын және ас үй бар.
Соңғы екі вагон 1920-шы жылғы. Ол жақтың сәулет алып үйлері өте қарапайым келеді. Сонымен қоса Оңтүстік Африка ұлттық тағамының дәмін татып көруге болатын мейрамхана бар. Ас мәзірі ретінде татымды дәмі бар соусты Боботи, қой етінен дайындалатын ватербломметьибреди тағамдарын айтуға болады.
Н. Нұрмаханұлы