- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қолыңызды жудыңыз ба?...
Қолыңызды жудыңыз ба?
Аяулы оқырман! Бүгін сіз қолыңызды жудыңыз ба? Жоқ? Олай болса, қол жуатын бөлмеге асығыңыз, өйткені бүгін Бүкіләлемдік қол жуу күні.
Күллі әлем жұртшылығында жыл сайын қазан айының он бесінші жұлдызында Бүкіләлемдік қол жуу күнін мерекелеу дәстүрге айналып үлгерді. Мұндай шара – Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы мен Балалар қорының бастамасымен өткізіледі.
Басты мақсат – Жер шарын мекендейтін барлық адамзат баласын осы бір қарапайым гигиеналық рәсімнің маңыздылығына назар аударту. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын миллиондаған адамдар диареядан қайтыс болатын көрінеді. Ал қолымызды сабынмен жуу қаншама адамның өмірін сақтап қалар еді...
Былтырғы жылы өткізілген акцияға 70-тен астам елден қатысқан 200 миллион адам мен 700 мың мектеп белсенділік танытып, рекорд жасаған болатын.
Ұйымдастырушылар биылғы жылы бұдан екі есе көп жетістікке жетуді жоспарлап отыр.
Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық!
Суреттер:lj.rossia.org
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева