- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Колумбия жағалауында 300...
Колумбия жағалауында 300 жыл бұрын суға кеткен кеме табылды
Фото:
newsinphoto
Колумбия жағалауынан 300 жыл бұрын суға кеткен испаниялықтардың кемесі табылды, − деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі.
Табылған кеме ішінен ондаған млрд доллар тұратын алтын, асыл тас, күміс монеталар салынған сандық табылған. Бұл бағалы тастар Испан королі Филипп V тиесілі екен.
"Сан-Хосе" су көлігі 1708 жылы Картахен қаласының маңындағы Кариб теңізінде апатқа ұшырап, батып кеткен. Бұл аталған кемені ұзақ жылдар бойы іздегенімен, осы күнге дейін ешкім таба алмаған еді.
Дереккөз: baq.kz