Жер бетіндегі адамзат атаулыны құл еткен ұлы сезім - Махаббаттың құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің саны жоқ болар... Десе де ол ескерткіштердің әрбірінің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік қадір-қасиеттері бар. Бүгінгі әңгімемізге арқау болатын "Махаббат ескерткішінің" студенттер қауымының жүрегінен алатын орны тым ерекше...
Эстониядағы ең танымал Ратуша алаңынан орын тепкен мына бір ескерткіштің аты - "Қолшатырдың астындағы ғашықтар".
Қолшатыр астындағы студент ғашықтардың ескерткіші 1998 жылы бой көтерген. Негізгі авторы - Мати Кармина. Бұл ескерткіш қана емес, қаланың сәнін келтіріп тұратын фонтан да бола алады. Қолшатырдан сарқырап ағып тұрған су тұғырды үздіксіз ұрғылап тұр.
Тарту Университетінің махаббатты құрметтейтін жастары өздеріне арналған ескерткішті жылына бір рет жуып, тазалау жұмыстарын атқарып тұрады.
Суреттер:eva.ru, romeo-juliet-club.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева