- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Көк көйлек киген...
Көк көйлек киген ағаштар
Жарыққа шыға сала көпшіліктің таңдайын қақтырған атақты «Аватар» фильмінде жануарлары да, өсімдіктері де өзгеше түсті иемденген планета көрсетілген болатын. Онда әсіресе, көк түс басымдылыққа ие болып тұрғанын байқаған да шығарсыз. Ал соңғы кездері, Солтүстік Америкада көгілдір ағаштар пайда бола бастады. Бұл әрекеттің себепкері – суретші Константин Димопулос.
Алдыңыздағы суретті көріп, абдырап қалуыңыз әбден мүмкін. Жо-жоқ! Бұл сіз ойлағандай Ұлы суретші Табиғаттың туындысы емес. Бар болғаны атақты суретші Константин Димопулос өзі тұрған әсем қаладағы ағаштарды көк түске бояп шыққан.
Суретші аталған ғаламатты экологиялық таза бояулардың көмегімен жасаған. Және ағаштардағы бояулар кез келген жаңбырдың немесе шлангтың суына жуылып кете алады.
Жағылған бояулардан ағаштарға ешқандай зиянның тимейтіндігін айтып өткеніміз жөн болар.
Константин Димопулос аталған бастаманы алғаш рет Ванкувер қаласында 2011 жылы жасап шығарды. Бұдан кейін ол үкімет үйлерінің алдындағы ағаштарды және Сиэтл, Вашингтон сынды көптген американдық қалалардың көшелеріндегі өсімдіктерді бояп үлгерген.
Бәзбіреулерге Blue Trees жобасы еріккеннің ермегі болып көрінуі мүмкін. Алайда, жобаның негізгі мақсаты – Жер бетіндегі ағаштарды жөнсіз кесуге тосқауыл қою. Бояулармен ағаштарды әдемі көрсету арқылы, ағаштар болмаса, әлемнің де сәні құриды дегенді ұғындыру.
Өзіңіз де бір сәт ойланып көріңізші, ағаштар болмаса қайтер едік?
Суреттер:kulturologia.ru,xn--b1admbax3ar.xn--p1ai,etoday.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева