Кофеден жасалған сурет

"Кофе ішіп алмадық па?" - дейміз шаршағанда... Біз сусын ретінде ып-ыстық қылып ішіп жүрген кофе - әлдібіреудің үлкен шедеврі. 26 маусым күні Мәскудің Горкий атындағы орталық мәдени сауықтыру саябағында кофеден жасалған алып суреттің ашылу салтанаты өтті. Бұл туынды - әлемдегі ең үлкен кофе-сурет. Кофеден жасалынған мұндай ұлы туынды Гиннестің рекордтар кітабына қалай енбесін?

30 квадрат метр орынды алатын бұл нысанды автор 14 маусымнан бастап орналастыра бастаған.

 

 

Осы бір таңғажайып "табиғи полотноны" тамашалауға келген халық суреттің сәні болып тұрған кофеден де дәм татқан.

Гиннестің рекордтар кітабынан ойып тұрып орын алған бұл туындының авторы - суретші Аркадий Ким

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: coffee-mood.livejournal.com, https://travel.ria.ru, kulturologia.ru, nyka-huldra.livejournal.com