- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Кофе ішкен көлік...
Кофе ішкен көлік рекорд орнатты
Жақында 42 жастағы британдық Мартин Бэйкон көлік жылдамдығын 105 км/сағ. жеткізіп, осы бір қызықты да қызғылықты салада (көлікті кофе дәндерімен жүргізу) рекорд орнатты.
Кофе түйіршіктері арқылы көлік жүргізу адам баласына орасан зор қуаныш алып келмек. Мартин 1989 жылғы "Ford" көлігін кофенің қуат-күші арқасында іске қосып, техникалық бөлікте азғантай ауыс-түйістерге барған.
Газ салқындау арқылы көліктің күш бөлігіне жол тартып, сол арқылы автоны бір орыннан қозғаған. Кез келген көлікті газ жүйесімен жасақтауға болатын көрінеді. Өз кезегінде аталған жүйе арқылы көлік қозғалтқышының ғұмыр жасы ұзарып, қоршаған ортаны бензин қалдықтарынан сақтауға болады екен.
сурет:mainfun.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига