Кинотеатр жұмысқа "құбыжықтарды" шақыруда

Кинотеатр жұмысқа "құбыжықтарды" шақыруда

Сыктывкарлық дала кинотеатры жұмысқа құбыжықтарды алып жатыр. Қызметкердің міндеті қорқынышты кино көруге келген көрермендерді қорқыту.

Кинотеатрдың ресми сайтында қызметтің атауы "терезеге үңілуші" деп берілген.

"Үңілуші" кино қарауға келген көрермендер көлігінің терезесіне арнайы маска киіп алып, оқыстан үңіліп, оларды шошытуы керек. Қызметкер бұдан бөлек талып қалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсете білу тиіс. "Құбыжық", сонымен қатар, фото және видео түсірілім жұмыстарымен айналысады.

Жұмысқа тұрушы қызметіне тамыз айынан бастап кіріседі. Үміткерлерге қойылатын талап біреу – жастары 18-ден жоғары болуы керек.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Финляндия орталығындағы отельдердің бірі "ұйқы мамандарын" жұмысқа шақырып жатқандығын айтқан болатын. Жұмыскердің басты міндеті – ұйықтау екендігі айтылған болатын. Қызметкерге ұйықтауға арналған арнайы бөлме беріледі. Әр ұйықтаған сайын азамат жеке блогын жаңартып, қонақ үй сервисі туралы ойларын жазып отыруы керек.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: goodfon.ru 

Massaget