1 қаңтардан бастап Қазақстанда саяхаттайтын балалардың әуе билеттерінің құны мемлекет тарапынан өтеледі. Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы күшіне енді. Бұл туралы Tengritravel.kz жазды. Жаңа бағдарламаның мақсаты – қазақстандықтарды ел ішінде отбасымен демалуға ынталандыру.
Ережеге сәйкес, балалардың әуе тасымалына жұмсалуы мүмкін сома жергілікті лицензиясы бар операторлардың турпакетіне енгізілген жағдайда ғана төленеді. Екі жастан 17 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған Қазақстан азаматтары немесе елде тұрақты тұруға құқығы бар азаматтығы жоқ балалар тегін ұшады.
Субсидия алуды туроператор реттейді, ата-ана Kazakh Tourism ҰК АҚ-на қажетті құжаттар пакетімен өтініш жіберуі керек. Билет құны мақұлданған жағдайда толық төленеді.
Бағдарламаға қатысу үшін ата-аналар кемінде бес күн және төрт түнге қонақүйде тұратын турпакет сатып алу қажет екенін ескеруі керек. Бұл ретте межелі жерге ұшу және белгілі мекенге жету балаларға тегін болады. Аралық ұшулар арасындағы билеттер мен көлік шығындарын ата-ана өзі көтереді. Үш балалы бес адамнан тұратын отбасының шарттары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Сондай-ақ, "Кидс гоу фри" бағдарламасы балалармен туыстарына баруға арналмағанын ерекше атап өткен жөн.
Бұған дейін туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған 10 басымдықты туристік аймақта тегін рейстер жүзеге асырылатыны белгілі болған еді. Оларға: Алакөл көлі; Алматы облысының тау шоғыры; Щучинско-Боровская курорттық аймағы; Баянауыл курорттық аймағы; Имантау-Шалқар курорттық аймағы; Балқаш көлі; Түркістан; Маңғыстаудың жағажай демалыс аймақтары; Нұр-Сұлтан қаласында MICE туризмін (корпоративтік іс-шараларды ұйымдастырумен және өткізумен байланысты іскерлік туризм – ред.) дамыту; Байқоңыр ғарыш айлағы кіреді.
Билеттерді субсидиялау ата-ана турпакеттің бір бөлігі ретінде билет сатып алған әрбір балаға тиесілі. Мәдениет және спорт министрлігінің алдын-ала есептеуі бойынша, турдың құны бағдарламаны ескере отырып, 20-30 пайызға арзандауы мүмкін.