Кения саваннада болашақтың қаласын тұрғызбақ

Кения саваннада болашақтың қаласын тұрғызбақ

Кения үкіметі болашақта тұрғызылатын Konza Technology City деп аталған қала құрылысына 14.5 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отырғанын хабарлады. 

1

Жаңа қаланың ауданы 20 шаршы шақырымды құрайтын болады. Қала ел астанасы Найробиден оңтүстік шығысқа қарай 70 шақырым жерден тұрғызылмақ. Қаланың жоғарыдан қарағандағы көрінісі үшбұрыш ішіндегі жарты шеңбер түрінде болмақ. Жоспар бойынша, бұл аумақта 30 мыңға жуық үй салынбақ.

2

Қаланың оңтүстігі мен солтүстігінде бірнеше технопарктер пайда болады. Одан бөлек, Kenya Railways компаниясы Konza Technology City мен елдің басқа да ірі қалаларын жоғары жылдамдықтағы темір жолмен жалғастырмақ екен. Ондағы пойыз сағатына кем дегенде 180 шақырыммен жүйткитін болады. Konza Technology City алдағы жақын жылдары үлкен құрылыс алаңына айналып, халықты 200 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етеді деп жоспарланған.  

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет