Кезінде теңіз болып, бүгінде тастанды кемелердің орнына айналған бұл жерді көпшілік "Кемелер зираты" деп атап кеткен. Арал теңізі тартылғаннан кейін пайда болған бұл "зиратты" көргісі келетіндердің саны бұрыннан көп. Ал әйгілі "Pink Floyd" тобы бейнебаян түсіріп, Леонардо Ди Каприо осы жердің мәселесіне алаңдайтынын жеткізгенде олардың саны тіпті арта түсті. Жолдың қиындығына қарамастан, жұрт бұл маңға келуін тоқтатар емес. Арасында қызық қуып келетін туристер де, Аралдың мәселесін шешуді мақсат тұтқан туристер де бар. Ал жақында Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастырған "Ұлытау - Арал" атты экспедицияға қатысып, сапар барысында "Кемелер зиратынан" 3d тур дайындап келген Евгений Волковты екі топқа да жатқызуға болады. Назарларыңызға Евгенийдің туындысын ұсынбақпыз. Көріңіздер! "Кемелер зиратында" жүргендей сезімде болыңыздар!