Кеме лайнерінің ерекшелігі

Royal Caribbean International америка-норвег теңіз компаниясы теңіз саяхатын жаңа деңгейге көтеруге әзірленуде. Компания осы жылдың өзінде “Quantum of the Seas” , “Anthem of the Seas” атты екі футуристік, жетілдірілген мұхит лайнерін қолданысқа бермек.


Кемелердің  басқалардан бірден-бір ерекшелігі – «Солтүстік жұлдыз» шыны кабинасы. Кабина кеме жолаушыларын борттан 100 метр биіктікте аспанға көтеріп, келушілерге теңіз көркін тамашалауға мүмкіндік береді.

Тағы бір қонақжайлықтың бірі – “Two70°” залы. Мұнда 270 радус қашықтықта теңіз беткейіне жолаушылар ашық барлау жүргізе алады.

Алып көлемді экрандар судағы тіршілік иелерін үлкейтіп көрсетеді. Осы арқылы сіз залдан шықпай виртуалды саяхат жасайсыз. Мысалы, теңіз балықтары, теңіз шұңқырлары, теңіз өсімдіктері.

Кеме бортында сонымен бірге «құлдилап ұшуды» сезінгісі келгендер үшін аэродинамикалық құбыр орнатылған.

Ойын-сауық орталығында арнайы шығыршықты коньки алаңы (ролик), электромобильдер, баскетбол спорт залдары бар.

Әр кеме 18 палуба мен 2 090 каютадан тұрады. Әрбір каюта (су астында немесе бетінде) теңізге қарай көрініс беретін виртуалды баллондармен жабдықталған.

Оқи отырыңыз:

Қонақ үйге айналған пойыз

"Құдай мейірімін төккен жер"

Балқаш көлі туризм мен желқайық спорт түрі үшін аса қолайлы

Екі жылдан кейін туристер ғарыш әлеміне әуе шарымен ұшады

Үндістанда 50 жыл құлдықта болған піл босатылғаннан кейін жылап жіберді

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.businessinsider.com