Астана қақпасы (Gapital Gate) - Абу-Дабидегі Ұлттық көрме орталығымен көршілес жатқан зеңгір үй. 160 метр биіктікті құрайтын ғимараттың 35 қабаты бар. Батысқа қарай 18 градус иілген ғимаратты қаланың ең биік сәулет үлгілерінің бірі десек, артық айтқандық емес. Бәрімізге кеңінен танымал Пиза мұнарасынан төрт есе үлкендігімен ерекшеленеді.
Құламалы мұнараның сыртқы көрінісі ғана емес, ішкі бөлмелері де бас шайқатып, таңдай қақтырады.
2010 жылы Гиннестің рекордтар кітабы Абу-Дабидегі Құламалы мұнараны "Әлемдегі ең қатты иілген өнер мұнарасы" ретінде таныды.
2010 жылы ашылуы өткен ғимаратта бес жұлдызды қонақ үй мен әр түрлі мақсатта пайдалануға болатын кеңселер бар.
Осы бір сәулет өнерінің тамаша үлгісін тұрғызушылар Abu Dhabi National Exhibitions Company компаниясы болып табылады.
Суреттер:lifeglobe.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева