Ен даламыздың кең дархан қай бөлігінің болсын бір уақ демалып, жанымызды рахаттандырып, табиғат таңғажайыбын сезіндірер шамасы бар. Өйткені аралап жүрсеңіз, Алтай мен Еділдің арасы мың бір ғажайыпқа толы ғаламат табиғат көрінісі. Біздің елдің азаматтары бұлардан бөлек әлем елдеріне түрлі сипатта саяхат жасап, демалыс өткізуді әдетке айналдырған. Солардың ішінде басты-басты алдыңғы қатардағы 10 мемлекетке тоқталсақ.
Мемлекет
2013 жылғы саяхатшылар саны
Негізгі демалыс орындар
1Түркия
219 909 адам
Анталья, Бодрум, Аланья
2Қытай Халық Республикасы
38 385 адам
Бейжің, Үрімжі, Хайнань
3Біріккен Араб Әмірліктері
36 385 адам
Дубай, Әбу-Дәби
4Таиланд
18 298 адам
Паттайя, Пхукет аралы, Самуи
5Германия
7402 адам
Берлин, Мюнхен, Дюссельдроф
6Ресей Федерациясы
9553 адам
Мәскеу, Санкт-Петербург
7Чехия
6617 адам
Прага, Карловы Вары, Марианске-Лазне
8Қырғызстан
5753 адам
Ыстықкөл, Қаракөл
9Үндістан
4628 адам
Дели, Агра, Гоа,
10Египет
4492 адам
Каир, Хургада, Шарма-әл-Шейх
Көрсетілген елдердің арасында ең көп сапар Қазақстан – Түркия аралығында екен. Сондай-ақ, Түркиядан бізге саяхаттаушылар (қызметтік сапарлар да бар) саны да мол. Өзге мемлекеттерге қарағанда бірнеше есе артық. Мұның ар жағында Түркияның Қазақстанды алғаш дербес тәуелсіз мемлекет деп танығанында жатқандай. Әйтпесе, Қара Теңіз бен Жерортаның жағалауындағыдай жайлы демалыс орнын ұсынатын жерлер жетіп артылады емес пе?! Шығыстағы көршімізге Қытай мен Ресей Федерациясына да жиі сапарлайды екенбіз. Ал БАӘ, Таиланд, Германия, Чехия, Үндістан, Египет республикаларына сапарлардың санынан турагенттіктерінің дұрыс, саяхатшыларға қолайлы жұмыс істеуінің нәтижесі байқалады.
Жолдаған: Манас Қайыртайұлы
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: antalyatoday.ru