- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қазақстандықтар жазғы демалыстарын...
Қазақстандықтар жазғы демалыстарын қайда өткізіп жүр?
Ен даламыздың кең дархан қай бөлігінің болсын бір уақ демалып, жанымызды рахаттандырып, табиғат таңғажайыбын сезіндірер шамасы бар. Өйткені аралап жүрсеңіз, Алтай мен Еділдің арасы мың бір ғажайыпқа толы ғаламат табиғат көрінісі. Біздің елдің азаматтары бұлардан бөлек әлем елдеріне түрлі сипатта саяхат жасап, демалыс өткізуді әдетке айналдырған. Солардың ішінде басты-басты алдыңғы қатардағы 10 мемлекетке тоқталсақ.
| Мемлекет | 2013 жылғы саяхатшылар саны | Негізгі демалыс орындар |
1 | Түркия | 219 909 адам | Анталья, Бодрум, Аланья |
2 | Қытай Халық Республикасы | 38 385 адам | Бейжің, Үрімжі, Хайнань |
3 | Біріккен Араб Әмірліктері | 36 385 адам | Дубай, Әбу-Дәби |
4 | Таиланд | 18 298 адам | Паттайя, Пхукет аралы, Самуи |
5 | Германия | 7402 адам | Берлин, Мюнхен, Дюссельдроф |
6 | Ресей Федерациясы | 9553 адам | Мәскеу, Санкт-Петербург |
7 | Чехия | 6617 адам | Прага, Карловы Вары, Марианске-Лазне |
8 | Қырғызстан | 5753 адам | Ыстықкөл, Қаракөл |
9 | Үндістан | 4628 адам | Дели, Агра, Гоа, |
10 | Египет | 4492 адам | Каир, Хургада, Шарма-әл-Шейх |
Көрсетілген елдердің арасында ең көп сапар Қазақстан – Түркия аралығында екен. Сондай-ақ, Түркиядан бізге саяхаттаушылар (қызметтік сапарлар да бар) саны да мол. Өзге мемлекеттерге қарағанда бірнеше есе артық. Мұның ар жағында Түркияның Қазақстанды алғаш дербес тәуелсіз мемлекет деп танығанында жатқандай. Әйтпесе, Қара Теңіз бен Жерортаның жағалауындағыдай жайлы демалыс орнын ұсынатын жерлер жетіп артылады емес пе?! Шығыстағы көршімізге Қытай мен Ресей Федерациясына да жиі сапарлайды екенбіз. Ал БАӘ, Таиланд, Германия, Чехия, Үндістан, Египет республикаларына сапарлардың санынан турагенттіктерінің дұрыс, саяхатшыларға қолайлы жұмыс істеуінің нәтижесі байқалады.
Жолдаған: Манас Қайыртайұлы
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: antalyatoday.ru
Н. Айдархан