- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қазақстандықтар енді Еуропаның...
Қазақстандықтар енді Еуропаның бір еліне визасыз ұша алады
Саяхаттау оңайырақ бола түсті. Қазақстандықтар енді Андорраға визасыз ұша алады. Шағын мемлекет таудағы курорттарымен, көркем табиғатымен, шуақты ауа-райымен және термалды бұлақтарымен танымал.
Қазақстанға алғашқы ресми сапары аясында Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убах Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Тараптар өзара ынтымақтастық пен болашақ перспективаларды талқылады. Атап айтқанда, елдер туристер ағынын арттыруды көздеп отыр. Осыған байланысты визалық режимді жою туралы шешім қабылданды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан мен Андорра арасындағы алғашқы үкіметаралық келісім саналатын талаптарды өзара визалық режимнен босату туралы құжатқа қол қойды.
Пиреней жүрегіндегі ертегіден түскендей көркем мекенге саяхаттауға асығыңыз.
А. Оралқызы