Қазақстан туралы қызықты деректер – 2

Қазақстан туралы қызықты деректер – 2

Massaget.kz Қазақстан туралы қызықты деректер тізімін бұрын да жазған болатын. Қазақ елінде өмір сүрсек те, назарымыздан тыс қалып жүрген, біреу білсе, біреу білмейтін, әлем туристері үшін қызықты мәліметтер ұсынуды жалғастырамыз.

Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы Қазақ жерінен табылған. 

2010-2011 жылдары Қазақстан ЕҚЫҰ (ОБСЕ), ШЫҰ (ШОС), ИЫҰ (ОИК) ұйымдарына басшылық жасады. 

2011 жылдың қаңтар, ақпан айларында Қазақстанда жетінші қысқы Азия ойындары өтті. 

ТМД елдерінің ішінен тек қана Қазақстанда корей, ұйғыр, өзбек, неміс ұлттық театрлары жұмыс істейді. 

Қазақстан астанасы Астана қаласы әлемдегі ең жас астана болып есептеледі. 

Қазақстанның екі ескерткіші ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұрасының қатарында. Олар – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы тас кешені.

Қазақстанның халық ауыз әдеби мұрасы 100 томды құрайды. 

Медеу – әлемдегі ең биік таулы мұз айдыны.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: kz.all.biz, art.gazeta.kz, thenews.kz, afisha.zakon.kz, news.gazeta.kz, asia-team.ru, qalamger.com, news.gazeta.kz

Р. Роза