Валенсия – мөлдірдей таза, жайма шуақ қала. Ол Жерорта теңізіне жақын орналасқан. Қаланың әрбір қадамы қонақжайлық пен таңғажайып көрініске ие. Валенсияға ат басын бұрған саяхатшы, ең алдымен, міндетті түрде "Плайя-де-ла-Мальварроса" субұрқағын қызықтауы тиіс.
Алыстан көз тіксеңіз, субұрқақ жүзіп бара жатқан қайыққа ұқсайды. Теңізден соққан самал жел шағын қайықты алысқа қарай алып бара жатқандай әсер қалдырады. Бұл тұста адам қиялының ұшқырлығы мен құрастырушылардың жаңашылдығын тілге тиек етпесе болмайды. Құрастырушы қайық корпусын су торабымен қамтамасыз еткен. Нәтижесінде өмір ағысына қарсы жүзген қайықты көруге болады.
Субұрқақ қайығының көрінісі, әсіресе, күн батар шақта әсерлі. Тап осы сәтте субұрқақты көруге халық көп жиналады. Дүниежүзінде қайық субұрқағы Израиль, Португалия елдерінде бар.
Ұқсас жазба:
Сурет салатын субұрқақ (видео)
Ылғалды жерде ғана пайда болатын суреттер
Сурет: www.vsyasol, www.terra-z