- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қай ел шоколадты...
Қай ел шоколадты көп жесе, сол ел Нобель сыйлығын иеленеді
Бұл таңғажайып шешімді американдық ғалым Франц Мессерли мәлім еткен. Оның айтуынша, қай елдің адамдары көп мөлшерде шоколад тұтынса, сол елдің Нобель сыйлығына ие болуға мүмкіндігі мол.
Ол өзінің бұл мәлімдемесін атақты New England Journal of Medicine журналында жария еткен.
Бүкіл әлемді аузына қаратпақ болған американдық ғалым Нобель сыйлығын иемденіп келген барлық атақтарды тізе келе, осылардың арасына өзі ұсынған атты да қоса кетуді баса айтқан. Сонымен қатар, ол 2011 жылы шоколадқа байланысты қойылған рекордтарды санап, тәттіге құмар жандардың сыйлықтары туралы аз-кем тоқталып өткен. Мессерли шоколад өнімін бәрінен де көп қолданған бес мемлекеттің тізімін анықтады. Тәттіге құмар елдердің көшін Австрия бастап тұр. Одан кейін шоколодсүйгіштердің тізімінде Швейцария, Дания, Норвегия және Швеция да бар. Қазақстанды сұрамай-ақ та қойыңыз. Біз әлі бұл тізімге ене қоймаппыз. Ал АҚШ оныншы орынға орналасқан.
Ғалымдар шоколадтардың құрамы мен түрлеріне де баса назар аударып отыр. Жоғарыда атын атаған елдердің бәрі пайдасы мол ащы шоколадты көп тұтынады.
Сондықтан «ғалымдар да еріккен екен» деуіміз жөн емес. Өйткені олар осы байқау арқылы есте сақтау қабілетін арттыратын шоколад өнімдерін көп пайдалану керектігін дұрыс көреді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: runyweb.com, all-recepts.ru
А. Әбілхан