- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қауіпсіз ұрылар...
Қауіпсіз ұрылар
Егер сіз тұратын көп қабатты үйдің қабырғаларында көзіңізге таңсық алып жаратылыс иелері өрмелеп бара жатса, құбыжықтар бізді тонауға немесе қиратуға келе жатыр деген ойға қалудың еш қажеті жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені, Германияның Дюссельдорф қаласында алуан түсті және күлкілі бейнедегі адам кейіптес «жаратылыс иелерімен» көп қабатты ғимарат қабырғаларын сәндейтін болыпты. Дизайнерлер ойлап тапқан мұндай «безендіру құралдары» қорқынышты фильмдердегі қауіпті құбыжықтарға ұқсайды.
Көрген көзі таңқалдырған туындының авторы – неміс суретшісі Розали екен.
Алып және әр түрлі түстегі «жаратылыстар» көптеген үйлердің қабырғаларында өрмелеп бара жатыр... Көзіңіз түсіп кетті... Басыңызға "алдын ала құрылған жоспарды орындау үшін, асығып, бірін-бірі қуып бара жатыр ғой" деген ой сарт ете түсті. Жо-жоқ! Сөмкеңізден ұялы телефоныңызды шығарып, милиция қызметкерлеріне хабарласпас бұрын, жақсылап қарап алыңыз! Өйткені, үйдің жоғары жағына асықпай көз жүгіртер болсаңыз, олардың қолдан жасалған ұрылар екендігіне көз жеткізесіз.
Қысқасы, Розалидің қолынан шыққан туынды ерекше әрі ешбір жерде қайталанбайды. Аз уақыттың ішінде Рейна өзенінің жағалауындағы «ұрылар үйі» жергілікті тұрғындар мен туристердің суретке түсетін негізгі орындарына айналды. Сондай-ақ қаланың ең көрікті орындарының бірі әрі бірегейі ретінде танымал болды.
Ұрылар жасалған материал кез келген температурада бір қалыптылығын сақтап тұра алады, кез келген маусымның күн райында қала сәнін келтіруге шамасы жетеді.
Бұған қоса, Розали шығармашылығында үйдің сыртын ғана емес, бөлмелерді безендіруге арналған «ұрылар» топтамасы бар. Қабырғаға жабысқан күлдіргі және түрлі-түсті «адамдар» көңіл-күйі төмен жандарға аз-маз күлкі мен бір бума қуаныш сыйлай алады.
Суреттер:estete.net,kulturologia.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева