Інжу моншақ – Катар елінің Дохе қаласындағы тұрғын үй кешені. Ол Шығыс шығанақта жасанды аралда орналасқан. Аралдың жалпы көлемі 4 шаршы шақырым. Оның сыртқы кейпі таға тәріздес. Жасанды аралда әр түрлі қымбат тұрғын үйлер, виллалар, мейрамханалар және бес жұлдызды қонақ үйлер бар.
Аралда тұрғын үйлер 2012 жылдан бері ресми түрде сатыла бастады. Қазіргі таңда бұл жерде шамамен 5 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді. Келесі жылдан бастап пәтерлер толығымен жаппай пайдалануға беріледі. Егер Інжу моншақ аралының үйлері толықтай қолданысқа берілетін болса, онда аралда 40 мыңға жуық адам өмір сүреді деген сөз.
Інжу моншақ – Катар елінің жүзеге асырған ең үздік жобасы. Қазір жасанды аралдағы виллаларды тек жергілікті тұрғындар ғана емес, шетел азаматтары да сатып алып жатыр.
Бұл жоба халыққа осыдан он жыл бұрын таныстырылыпты. Ол кезде жобаның құны 2,5 миллиард доллар болады деп айтылған. Алайда, іс жүзінде жасанды аралды салуға кеткен шығын 15 миллиард доллардан асып түскен. Үкімет басшыларының пайымдауынша, Інжу моншақ аралы болашақта елдің үлкен мақтанышына айналып, Катар елінің беделін көтеруге жұмыс істейді.
Жасанды аралға «Інжу моншақ» атауы жергілікті тұрғындар інжу өнеркәсібімен айналысатын болғандықтан берілген. Катар – Азиядағы ең ірі інжу моншақ шығарушы мемлекет. Ол дүниежүзіндегі ең бай елдердің қатарына кіреді.
Аралда қымбат кемелер тұрақтайтын арнайы кемежай бар. Онымен қоса 6 мың жеңіл көлік сыятын автотұрақ салынған.
Оқи отырыңыз:
Әлемдегі ең мөлдір өзен
Өмір сүруге ең қолайлы 10 қала
Халқы ұзақ өмір сүретін мемлекеттер
5 жасар бүлдіршін көрермендерді таң қалдырды
Сурет:www.terra-z