Қарлығаштардың үйі

Қарлығаштардың үйі

Өлі теңіздің оңтүстігінде жаратылысы тым өзгеше әрі қайталанбас тау бар. Тау тұтастау тұздан түзілген. Ал сол тұзды таудың іші толған алуан түрлі, қатпар-қатпар үңгір десе де болады. Барған сайын ене бересіз. Үңгірлердің ішіндегі дарасы әрі ең ерекшесі - Колонель аталады.

Колонельде сізді күн көзінен жырақ жатқан таңғажайып сталактиттер, алып орлар, бұралаң жолдар күтіп тұр. Байқаған боларсыз, үңгірге терең бойлау үшін батылдық пен жүрек керек...

Үңгірдің кіреберісінде 80 метрлік құдық жатыр. Оны бағындыра алсаңыз, қоңырау үнін шығаратын, асыл тасқа ұқсас келетін тұзды "қанаттардың", электрозеткалар сынды кристаллдарды, аяқ астындағы тұзды "қарлардың" куәгері атанасыз. Көрген көздердің айтуынша, ол жерде тастар "кітапханасы" бар көрінеді. Табиғат жасаған "таңғажайып кітапханадан" түрлі пішіндегі дүниелерде естелікке алып кетуге болады.


Үңгір қысы-жазы +25 °С температураны бір қалыпта ұстап тұрады.

Арнайы құрылғылар мен арқанның көмегіне жүгінсеңіз үңгірдің негізгі залына түсу мүмкіндігіңіз бар. Ол жер ағаш сақиналарға ұқсастырылып толықтай өрнектелген. Және өзіңіздің дауысыңыздың жаңғырығын мүлде басқаша естисіз де, сынып жатқан хрусталь кристаллдардың дыбысына қайран қаласыз.


Үңгірдің тереңдігі - 300 метрден асады. Мұнда өмір сүретін құстардың құрметіне "Қарлығаштар үңгірі" деп аталып кеткен мекенде Джеймс Кэмеронның "Санктум" атты фильмі түсірілген болатын.

Нені болсын көзбен көргенге не жетсін! Ал ондай мүмкіндіктен мақұрым қалып отырған оқырмандарымызға "Қарлығаштар үңгірінің" видеосын ұсынып көрмекпіз.

Суреттер:liveinternet.ru,tursovetnik,fotozemli.ru,byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева