Қашанда шынайы табиғатымен күллі әлемді таңғалдыратын Африка құрылығы көптеген құпия мен терең сыр жасырып жатыр. Мұны зерттеу үшін жыл сайын жүздеген ғалымдар осында келіп тәжірибиелік жұмыстар жүргізеді. Ал, мыңдаған фотографтар керемет суреттер түсіру үшін айлап, жылдап қара құрылықты кезіп жүреді. Біз бүгін осы фотографтар түнгі жабайы жануарлардың не істейтіні туралы дайындаған ерекше фотоларымен сіздерді қуантпақпыз.
Тек бөрі емес, арыстан да айға қарап ақыра алатынын дәлелдейтін сурет.
Түнде көптеген жануар ұйқыға кеткенде, жыртқыштар аңға дайындалады. Жемтігінің әрбір қимылын, қайда барып бас сұғарын және қай уақытта шабуылға шығуға болатынын бағамдап отырған қос арыстан.
Біріксек, бизонды да құлатамыз.
Аңға әркез жалғыз шығуға құмар гепард бұл жолы да мүлт кетпейтініне сенімді.
Жалғыздық – тәңірге ғана жарасады, екі гепардтың түнгі ойыны.
Кейде жемтігін үркітіп алмас үшін әртүрлі әрекеттерге барады.
Жалғыз піл түнгі көріністермен танысуда.
Африкалық жабайы сиырлар арықтан су ішу сәті.
Ұзындығын аймен өлшеп тұрған жираф.
Түнде шыққан әрбір дем жануарды жемтікке айналдырып жіберуі де ғажап емес.