Канада тауларының бірінен осыған дейін белгісіз боп келген жаңа, таңғажайып үңгір табылды. Спелеолог (үңгірлерді зерттеуші) ғалымдар бұл үңгірді табиғи жағдайда пайда болған деп отыр. Үңгірге тасталған кішкене ғана тас ішкі құрылымның күрделілігіне байланысты сыңғырлаған, әдемі әрі ұзақ дыбыс шығарады екен. Оның тереңдігі 140 метрді құрайды.
Үңгірдің ішкі беті қалыңдығы бірнеше метр болатын мұз құрсаумен жабылған. Зерттеушілерге үңгірді толығымен қарап шығу үшін мұзтескіш құралдарды қолдануға тура келген. Үңгірге ішіндегі мұз сарқырама да керемет көрініс беріп тұр. Жылы ауа ағыны үңгірдің ішіне кіре алмағандықтан, үңгір жыл бойына мұз құрсауында болады. Төменде сіздерге бельгиялық фотограф Фрэнсис-Хавьер де Райдтың биылғы жылдың шілде айында түсірген суреттерін ұсынып отырмыз:
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com