- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қалай дұрыс саяхаттауға...
Қалай дұрыс саяхаттауға болады?
Саяхатқа шығар жаздың ыстық күндері де таяп қалды. Жолда кезіктіретін бақыт үшін адам байғұстың табаны қай жерлерге тимеген. Біреулер таулы өлкесі мен орман-суы бар Еуропаға ат басын бұрып жатса, ендігі біреулер құмы балақ жармасқан араб елдерінде демалғанды жөн көреді.
Әр жолы саяхатқа шығарда, үлкен дайындықпен барған жөн. Саяхат бұл жай ғана демалыс емес, саяхат бүкіл өміріңізге жарық сыйлайтын ең қуанышты сәттердің бірі. Ата қоныстан алысқа ұзап шыққан адамның жүрегіне небір ізгі сезімдер тұнады, небір жарқын сәттер орын алады.
Бәрін айт та, бірін айт, қалай дұрыс саяхаттауға болады? Бүгін біз сіздердің назарларыңызға азды-көпті қулықтар мен сақтықтарды тізе кеткенді жөн деп тауып отырмыз. Бір қажетіңізге жарап қалар. Немесе саяхатқа шыққалы жүрген бір досыңызға айтуды ұмытпаңыз.
* * *
1. Әр уақытта ақшаны кофе автоматынан майдалап ала аласыз. Ол үшін алдымен ақшаны тықпалаңыз, сосын барып "Бас тарту" тетігін баса салыңыз.
* * *
2. Әуежайға ұшып келген жан болсаңыз, такси іздестіру жолында ұшаққа шығарып салатын бөлікке тартыңыз. Сол бөлікте тұрған кез келген таксист кері жолға бос кеткісі келмейді, ал сіз өз кезегінде үнемдеп қаласыз. (Алматының әуежайынан такси ұстау қымбатқа түседі).
* * * *
3. Жанармай мен кафе таңдар тұста, тұрақта немесе жол жиегінде тұрған көліктерге назар салыңыз. Егер жүк көліктері көбірек тұрақтап тұрса, онда ол жердің асы мен жанармайы жақсы болғаны.
* * * *
4. Егер көлік тізгінінде кетіп бара жатқан тұста қорғаныс белдігі қажап, ауыртып жіберсе, онда артық ауырлықтан қашу үшін оралған жейде немесе жұмсақ ойыншық қыстырыңыз. Сонда барып белдік қажамайтын болады әрі қауіпсіздікке бәлендей әсер ете қоймайды.
* * * *
5. Жол жүгін тапсырмай тұрып, бір суретке түсіріп алыңыз. Жоғалған жағдайда, іздестіруге көмектеседі!
* * * *
6. Сатып алған көп заттың бір бөлігін супермаркеттің сақтау бөліміне тастап кетіңіз. Сосын емін-еркін қалаларды аралауға мүмкіндік туады.
* * * *
7. Еуропаға саяхат жасап шығарда өзіңізбен бірге ескі тиындарды да алып барыңыз. Ол жақта сіздің ескі тиыныңызды жергілікті жердің 1 еуросына бағалап қалуы әбден мүмкін.
* * * *
8. Ұшаққа 0,1 литр мөлшерден асатын сұйықтық алып кіруге тыйым салынған. Бірақ дәл сондай мөлшердің он данасын бөліп-бөліп алып кіруге болады.
сурет: auto.dmir.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига