Үсті жабық жағажай "Ocean Dome" - Жапонияның Сигайя демалыс орталығының ең басты артықшылықтарының бірі.
Мұнда жылдың әр уақытында температура 30 градус Цельсиден түспесе, су температурасы 28 градустан төмендемейді.
Ашып-жабылатын түссіз күмбездің биіктігі 38 метрді құрайды. Бір айта кетерлігі, мұнда тек жағажай ғана емес, 10 мың адам сыйып кетердей аквапарк та орналасқан.
Кіру құны - 50 доллар. Демалыс орталығында тағы да мейрамхана мен қонақ үйлер жайғасқан.
Сенің барғың келе ме?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек