Жыл бойы жұмыс жасайтын жағажай

Жыл бойы жұмыс жасайтын жағажай

Үсті жабық жағажай "Ocean Dome" - Жапонияның Сигайя демалыс орталығының ең басты артықшылықтарының бірі.

Мұнда жылдың әр уақытында температура 30 градус Цельсиден түспесе, су температурасы 28 градустан төмендемейді. 

Ашып-жабылатын түссіз күмбездің биіктігі 38 метрді құрайды. Бір айта кетерлігі, мұнда тек жағажай ғана емес, 10 мың адам сыйып кетердей аквапарк та орналасқан. 

Кіру құны - 50 доллар. Демалыс орталығында тағы да мейрамхана мен қонақ үйлер жайғасқан. 

Сенің барғың келе ме?

 сурет:eastbooking.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига