- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Журналист үшін қауіпті...
Журналист үшін қауіпті ел
Журналистердің барлығы кеңседе отырып алып, пернетақтаны басып, беттерді қаз-қатар тізіп жатады деп ойласаңыз, қателесесіз. Қауіп пен қатерге күнбе-күн бәс тігіп жүрген жандар аз емес. Ендеше, журналист үшін қауіпті ел қай ел?
* * * *
Бұл журналистер соғыс даласында тұрып әлем қақтығысын баяндаса, бұл журналистер дау-жанжалдың арасында қалып қойып, ақпарлардың анық-қанығына көз жеткізу үшін, тәуекелге бел буып баратын жандар. Өмір бойына жасырынып жүру немесе өмір бойына жоқ болып кету (құжат ауыстыру) - тағдыр талайларына жазылған.
Денсаулығына зиян екенін біле тұра, батыл қадамға барудан бас тартпайтын олар нан пен нәпақасын өлім аузынан тартып жеуге әдеттенген.
Көп біліп қойғаны үшін өліп кететін, аз біліп қалғаны үшін де көріп кететін де, солар. Дерек десеңіз,1992 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта әлем бойынша 985 журналист қаза тапқан екен. Қауіп елдердің анық-қанығы:
Репортер болып, әсіресе, Иракта жұмыс істеу, қиынның қиыны көрінеді. Мәселен, 1992 жылдан бергі аралықта 151 журналист қаза тапқан екен. Екінші орында 73 журналистің өлімімен Филиппин тұрса, үштікті хабарсыз кеткен алпыс тілшіге жауапты Алжир қорытындылайды.
Журналистердің дені көпшілігі әскери өмірде қаза таппайды. Журналистердің көпшілігі саясатқа кетеді, соған орай әрбір үшінші журналистің басы өлім тұзағына саясатпен ілінеді. Және ресми арыз-шағымдар бағытталғанымен, журналист өлімінің ақтала беруі де сирек. Жемқорлық етек алып, саясаттың қуыршақ жүйесі орнаған әлем елдері назарда болсын.
Журналистерді өлтірген кісі өлтірушілердің 90 пайызы еркіндікте жүр.
сурет: unmultimedia.org
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига