Ирландияның жұмыссыз суретшісі Фрэнк Бакли кәдімгі ақшадан үй соғып бітті. Құрылыс шикізаты ретінде 1,4 млрд. еуро пайдаланылған.
Ирландияның мүмкін емес делінген рұқсатын алған ол ақша-үй соғып алып, өзі қазіргі таңда сонда тұрады. Соғу үшін ол 40-50 мың еуродан тұратын қағаз ақшалардың қиындыларынан 5-15 сантиметрге дейінгі көлемді кірпіш жасаған.
Өзінің жасаған таңғажайып дүниесін айтуынша, 2000 жылдары бірыңғай валютаға ауысу деген «ессіз әрекетке» арнаған екен.
Фрэнк Бакли:
- Адамдар түкке де тұрмайтын ғимараттарды қыруар ақшаға соғады. Ал мен сол ақшадан ғимарат соғып көрейін деп едім.
Ал келешекте кейіпкеріміз үйді үлкейту мәселесін қарастырып отыр. Үйдің дәлізі мен асханасын салуға тағы да мол қаржы керек екен. Өте ұсақ болып майдаланған, «қағаздан» жасалған қабырғалар мен төбесі жылылықты сақтайтын көрінеді. Осы себепті де Бакли көрпе жамылмай ұйықтайтын болған.
Таңғажайып үйге кіріп, қонақ болыңыз...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: debri.ru