Жақында неміс дизайнерлері Том Павловски мен Тибор Вайссмар қарапайым бензоарамен үй жиһазын жасап шығаратын құлтемір ойлап тапты.
Төмендегі бейнебаяннан қол-құлтемірдің бірнеше жылдам қозғалыспен-ақ ағашты қақ жарып, дәлме-дәл бөліп беретінін көресіз. Нәтиже? Үстел жасауға дап-дайын ағаштар және қалдықсыз ағаш қиындылары.
Қол-құлтемірдің жиһаз жасау өнері Кельн қаласында көпшілікке таныстырылды. Бір айта кетерлігі, жаңа технологияның арқасында жасалған жиһаздар "kkaarrlls" деген атау да алды. Сонымен қатар дизайн апталығына қатысқан көпшілік құлтемір жасаған жиһаздарды түгелдей дерлік сатып алып кеткен.
Ендігі уақытта жиһаз атаулы тиімді үлгіде жасалып жататын болса, онда әлемдегі ағаш шығыны түпкілікті жоққа шығады деген сөз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Haz7rilcjHA","width":"450","height":"240"});
сурет:edition.cnn.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек