Жадыраған жаз маусымында табиғат аясына серуенге шыға қалған жағдайда абайсызда улы жәндіктердің құрбаны болып жатамыз. Бірімізді жылан шақса, енді бірімізге кене жабысып әбігерге түсіреді. Ал сіз білесіз бе, біздің планетамызда көбіміз біле бермейтін өмірімізге өте қауіпті, уы адам өлтіретін түрлі-түрлі жаратылыс иелері бар екен.
Фугу балығы
Алғашқы суреттегі улы жаратылыс иегері – фугу балығы. Бұл ханымның ішкі ағзаларында, әсіресе бауырында және уылдырығында, сондай-ақ өті мен терісінде тетродотоксиннің өлімге апарып соқтыратын көп мөлшері жинақталған. Бүгінге дейін фуганың уын қайтаратын дәрі-дәрмек табылмаған.
Древолаз бақасы
Древолаздың терісі кез-келген тірі ағзаны өлтіріуге күші жететін уды бөлетін темірмен өкпектелген. Бұл у шамамен жүздеген заттардан тұрады. Удың қауіптілігі соншалықты ғалымдар зерттеу жүргізу барысында бақаны қолымен ұстау үшін өте қалың қолбақтар киюге мәжбүр болады, өйткені оның уы кез-келген сызат арқылы еніп кетуі әбден мүмкін. Древолаздың уына қарсы вакцина әлі де ойлап табылмаған. У ағзаға түскен жағдайда, адамның тірі қалуы екі талай.
Аустралиялық тайпан
Аустралиялық ең қауіпті жылан. Ұзындығы 3,5 метрге дейін жетеді, ал улы тістерінің мөлшері – 1 см. Бұл жыланның уы өте күшті. Тайпан жыланы қарапайым атты шағар болса, ат бірнеше минуттың ішінде өліп кетеді. Адам баласын шаққан бірнеше жағдайда соңы өкінішті қазаға апарып соқтырған.
Бразилиялық «кезбе өрмекші»
Тек қана Американы, әсіресе тропикалық және субтропикалық аймақтарды мекендейді. Бұл өрмекші өте белсенді және өрмек тоқымайды. Қашанда қаңғырып жүретіндіктен «кезбе өрмекші» деген атаққа ие болған. Оның көлемі бар болғаны 10 см, бірақ кішкентайлығы өзінен үлкен жануарларды аулауға кедергі бола алмайды. Өрмекшінің уы денсаулығы мықты ересек адам үшін өлім қаупін туғызбайды. Ал ауру немесе кішкентай балалар үшін бірнеше есе қауіпті.
Тас-балық
Үнді және Тынық мұхиттарының суларында мекен етеді. Оның арқасында қауіпті сезуге көмектесетін 13 қылқан бар. Балықтың уының күшті болғандығы соншалықты, уы тиген жағдайда адам бірден есінен танып қалады.
Қанқұйлы сарышаян
Оның көлемі үлкен емес, бар болғаны 11,5 см-ге дейін жетеді. Дегенмен нейротоксиннің мөлшері көп болғандықтан уы өте қауіпті. Аталған сарышаянның бізгегі әлсіз болып келеді, сондықтан дені сау ересек адамды өлтіруге шамасы жете бермейді. Дегенмен уланған жағдайдың соңы өмірге қауіп тудырумен немесе аллергия берумен аяқталуы мүмкін.
Теңіз жыланы
Бұл епті шабуылшының уы әдетте өлім туғызып немесе сал ауруына шалдықтырады. Бір қызығы аталаған жылан өзінен үлкен жаратылыс иелеріне шабуыл жасауға жүрексінеді, сондықтан жылан адамдарға қауіп төндірмейді.
Мәрмәр конус-ұлу
Конус-ұлулардың ең улы түрлерінің бірі. Олар құрбандарын, у жағылған тістері арқылы зақымдайы.
Көгілдір шығыршықты сегізаяқ
Сегізаяқ суда адам өмірі үшін қауіпті емес, бірақ судан шыққан жағдайда өткір тұмсығымен шағып алуы мүмкін. Сегізаяқтың уы өте күшті болып келеді, бір сегізаяқтың қуаты он адамды өлтіруге жетеді.
Теңіз арасы
Бұл араның уының күші ересек адамды бірнеше минуттың ішінде өлтіріп тастауға жеткілікті Суда жүргенде көзге мүлде көрінбейді десе де болады, сондықтан одан сақтану қиынға соғады. Араның пішіні көлемі 20-30 см қорапты еске түсіреді.
Көкбасты ифрита
Мына таңғажайыпты қараңыз, әлемде улы құстар да болады екен. Иә,иә, дәл солай! Жаңа Гвинея ормандарында осындай улы құс мекен етеді. Құсытың көлемі 16,5см-ге дейін жетеді. Кеуделері мен қанаттары сары-қоңыр түсті болып келеді, ал басы көк түсті «қалпақпан» сәнделген. Уының көп мөшері кеудесі мен аяқтарында жинақталған. Оның қауырсындарына байқаусызда тиіп кеткен адам күйіп қалады, ал ұсақ түктері мұрын аймағына түсер болса, бірден аллергиялық жөтел басталады.
Суреттер: animal.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева