Шет елге барған адамға қызығатынымыз бар. Ал олар көп мемлекетте болып келген болса, онда таңғаламыз. Егер бір ғана адам әлемнің 100-ден астам мемлекетінде болғандығын естісең, одан да таңғалатынымыз шүбәсіз. Ал әлемнің 200-ге жуық мемлекетінде болған, яғни бүкіл жер шарындағы барлық мемлекетті әлемде алғашқы болып әйел адам шарлап шықты десек қандай күйде, қандай сезімде боламыз? Оның үстіне, бұл әйел адам – небәрі 27 жастағы Кассандра Де Пеколь (Cassandra De Pecol) есімді жап-жас қыз.
Кассандра – АҚШ-тың Коннектикут штатының тұрғыны. 2015 жылдың маусым айынан бастап әлемнің 181 мемлекетінде болып қайтқан. Егер тағы да 40 күннің ішінде 11 мемлекетке саяхаттап бара алса, ол Гиннес рекордтар кітабына Жер бетін өте қысқа уақытта аралап шыққан рекордсмен ретінде енгелі отыр. Кассандраның саяхаты Expedition196 деп аталады. Ол Халықаралық институттың елшісі ретінде әлемнің әр еліне барып, аталмыш ұйымды таныстырып жүр.
Кассандраның артынан бірге саяхаттамасақ та, оның Instagram парақшасында бөліскен суреттерін жариялай аламыз.
Кассандра 2015 жылы алғашқы қадамын Тынық мұхитындағы АҚШ мемлекетінің қарамағына қарайтын Палау аралдарына саяхат құрудан бастаған.
Енді 40 күннің ішінде 15 мемлекетті аралап шығуы керек. Яғни, біздің есебімізде, әрбір мемлекетке Кассандра тек 1 күнін ғана арнауы керек. Ал қалған күндерін ұшақпен ұшуға, транспортпен жүруге арнайды.
Қазіргі уақытта саяхаттың шығыны 200 000 АҚШ долларын құраған. Шығынды демеушелір өтеп отыр.
Саяхатшы қыз Instagram желісін аталмыш ұйымды жарнамалау үшін әрі өзіне тегін тұрғын үй іздеу үшін қолданады.
Мұнда саяхатшы қыз арыстанның күшігі – аланмен суреткен түскен.
Ал мына жерде Колорода тауларында шаңғы теуіп жүр.
Кассандpаның күнделікті құралы – камера. Барлық қазіргі саяхатшылардың серігі осы бейнетаспа ғой. Бұл – жолаушымыздың жүріп өткен траекториясы немесе әлем картасы.