Жедел жәрдем көлігін такси ретінде пайдаланған

Жедел жәрдем көлігін такси ретінде пайдаланған

АҚШ полициясы 51 жастағы Одри Фергюсонды жедел жәрдем көлігін такси ретінде пайдаланғаны үшін ұстады. Оңтүстік Каролина штатындағы Чарльстон қаласынан 50 километр қашықтықта өмір сүретін ол соңғы 8 жылда жедел жәрдем көлігін 100 реттен көп шақырған.

Әйел соңғы рет үстіміздегі 2013 жылдың сәуір айында ауырған-мыс. Американдықты Чарльстон қаласының емханаларының біріне әкелгеннен кейін ол ауруының басылғанын, қазір ұлының келіп алып кететіндігін айтқан. Дегенмен көп ұзамай Одри поликлиникадан өз бетімен кетуге тырысқан. Дәл осы сәтте оны жергілікті полицейлер ұстап алып, бөлімшеге жеткізді.

Айта кетелік, жедел жәрдем қызметі басшысының мәліметі бойынша, әрбір сапар госпитальға 425 доллар шығын әкелген. Қызметкерлер жүрілген әрбір километр жолды 7 долларға бағалап отыр. Қазіргі кезде азаматшаға жедел жәрдем қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып үлгерді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ukrnews.biz 

Massaget