Норвегияның Одда қаласына таяу маңда орналасқан жартас - "Тролля Тілі" деп аталады. Жартастың бұл атты тағынуына себеп болған оның сыртқы көрінісі екен.
Өзіңіз анықтап қараңызшы! Көрдіңіз бе?! Енді тілге ұқсамайды деп айтып көріңіз...
Тролля Тілі Рингедалсватнет өзенінің жоғары жағында 350 метр биіктікте орналасқан.
Тіл туралы ақпаратты естіген кез келген турист оның үстіне шығып, өмірінде бір рет болсын суретке түсуді армандайды.
Тіл - өте қауіпті. Оның қашан жұлынып кететінін ешкім де дөп басып айта алмайды. Ол жерге барып көрген адамдардың айтуынша, өзі үзілуге шақ қалып тұрған көрінеді. Бірақ, бұл ескерту ешкімді тоқтатқан емес.
Суреттер:live2day.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева