Жарға жармасқан 10 қала

Жарға жармасқан 10 қала

Сәулетшілердің фантазиясы сан түрлі. Бірі өзен, көлдердің ортасынан қалашық салып жатса, енді бірі әр түрлі формадағы ғимараттармен ерекшелінеді. Массагет порталы назарларыңызға сәулетшілердің тағы бір таңғажайып туындыларын ұсынады. Әңгіме жарда орналасқан ең көрікті 10 қалашық туралы. 

10. Кастеллфолли де ла Рока

Кастеллфолли де ла Року Испанияның Каталония аймағының орманды алқасы болып келеді. Кастеллфолли екі өзеннің ортасына салынған. Ғимараттардың басым көпшілігі жардың ең шетінде орналасқан. Қалашық ортағасырларда салынғандықтан, әрбір ғимаратты айнала өскен ағаштардың тамырлары берік етіп ұстап тұр екен.

9. Рокамадур

Рокамадур — шағын қалашық. Францияның оңтүстік-батысындағы Алзоу өзенінің жоғарғы жағында орналасқан. Сәулетшілердің айтуынша, Рокамадур ғимараты жылдан-жылға жартас қойнауына еніп барады екен. ХІІ ғасырда салынған бұл қалашық, Француз революциясы кезінде қараусыз қалып, бүгінде бұл аймақ Францияның ең керемет демалыс орындарына айналған. 

8. Бонифачо 

Бонифачо — Корсикидің оңтүстік аймағында орналасқан. Бонифачо қаласы мен қорғаны теңіз жағалауындағы жардан 70 метр биіктікте орналасқан. Бұл аймақтағы басқа қалашықтардың барлығын теңіз суы шайып кеткен. Бонифачо қалашығы да құлаудың аз-ақ алдында тұр.

7. Акапулько

Акапулько — Мексиканың курортты аймағы. Бұл жерге 1950 жылдан бастап Голливуд жұлдыздары мен миллионерлер жылына екі-үш қайтара келеді екен. 

6. Меса Верде

Месса Верде Колорадоның оңтүстік-батысында орналасқан. АҚШ ғалымдарының айтуынша, адамзаттың байырғы отаны. Бұл жерде ежелгі үнді халықтарының мәдени мұралары осы күнге дейін сақталып келеді. ХІІ ғасырда осы жерде тұрған үнді тайпалары жартасты үңгілеу арқылы өздеріне баспана салған. Ал 1300 жылдары барлық үнді тайпалары басқа аймаққа қоныс аударған. Бірақ, сол заманда қазылған үңгір үйлер бүгінге дейін сақталып, ХХ ғасырдың ортасында АҚШ сәулетшілері Месса Верде үңгірін қалашыққа айналдырған. 

5. Нагорье Бандиагара

Нагорье Бандиагара — Малидегі құм қалашығы. Биіктігі 500 метрден асып жығылады. Бұл қалашықтың іргесін жабайы адамдар қалап кеткен. Ежелгі адамдардың бұл қалашықты салудағы басты мақсаты, өмірден озған туған-туыстары осы биік ғимараттың үстіне жерленіп, Жаратушысына жақын болсын деген. 

4. Ронда

Ронда Испанияның Малага провинциясында орналасқан. Қала теңізден 760 метр биіктікте орналасқан. Гуэдэлевин өзенінің қос қапталында орын тепкен. Бұл қалашыққа саяхат жасаған адамдар үш көпір арқылы Ронда аймағын толығымен тамашалай алады. Қалашықтың сәулетін ежелде осы аймақты билеген римдіктер жасаған. 

3. Әль Хайяра

Әль Хайяра Йеменнің тарихи қалаларының бірі. Мэнэх қаласының батысында орналасқан. Қала тас өндіру барысында ХІІ ғасырда салынған. Әль Хайяра таудың құзар шыңында орналасқандықтан, бұл жерге жылына көптеген саяхатшылар келеді. 

2. Позитано

Позитано - Италияның ең көрікті жерлерінің бірі. Қала таудың басынан, теңіз жағалауына дейін ұзыннан-ұзақ орналасқан. ХХ ғасырдың басында бұл қалада балық аулайтын кедей шаруалар тұрған. Бүгінде бұл қала саяхатшылар арасында кеңінен танымал. 

1. Санторини аралы

Санторини — Грекияның жанартаулы аралы. Бұл қала өзіндік ерекше пейзажымен дараланады. Қала саяхатшыларға барлық жағдайларды жасаған. Санторини бүгінде ең қымбат демалыс орындарының бірі. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: mirfactov.com

У. ҚОСАНБАЙ