Жаралы жүректерге арналған дәрі қобдишасы

Сүюден бас тартқан адамның ас үстінде жүрек жаралап, жалғыз тастап кететін кездері өмір атты өлкеде орын алып тұратын тұрақты жайттардың бірі. Өмір атты өлкедегі сол бір сәттік эмоционалды күй-ахуал мен жан жарасы оңайлықпен ұмытылып кеткен емес...

Сол бір сәтте уақыт құтқарады және... Мелани Чернок есімді дизайнердің “Love Hurts” (“махаббат жаралайды”) атты бітімі бөлек дәрі қобдишасы емдейді.

Махаббат ағзасының жан жарасын емдеуге арналған қобдишаға бірегей бітімдегі дәрі-дәрмектер топтастырылған.

Дәрі қобдишасы науқастың ауыр күйіне қарамастан, шек-сілесі қатқанша күлуіне мұрындық болады: су бөтелкесі, шам, ваннада ән айту, жүрек тәріздес тәтті шоколод, романтикалық музыка шоғырланған дискі, өз кезегінде, қағаз сулықтар.

 

Cурет:4tololo.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек