Жапонияның киелі мекені

Жапонияның киелі мекені

Сагана бамбук орманы немесе Сагано бамбук тоғайы мыңдаған биік ағаштан тұрады. Ол Жапония елінің бірден-бір көрікті жерлерінің бірі Арасияма саябағында табан тіреген. Орман «Дүниежүзілік мирас» тізіміне теңдесі жоқ мұра ретінде енген болатын. Саябақ Киото қаласының батыс аймағы Тэнрю-дзи будда ғибадатханасына жақын жерде орналасқан.

Бұл орман туристер арасында өзінің әсем көркімен және жайлылығымен кеңінен танымал. Келген адам биік бамбук ағаштарын көріп басы айналуы мүмкін, алайда жүре-жүре көз үйреніп, тән мен сананың арасындағы табиғи үндестікті сезініп, жан рақатына бөленеді. Оның барлығы ойдан шығарылған жай пікірлер емес, саябақ қонақтарының алған әсерлері.

Желден пайда болған керемет үн бамбук ағашымен соқтығысып,  музыка іспеттенеді. Мұндай табиғи үн жүрек тыныштығын қалайтын адамдар үшін таптырмас орын. Жапония Үкіметі бұл орманды қорғауға алынған «мың халықтық көрікті жер» қатарына қосқан.

Сагано бамбук орман әуені Жапонияны дүниежүзімен байланыстыратын әлемдегі ең үздік жүз дыбыстың бірі болып саналады. 1870 жылы Том Эдисон өзінің ойлап тапқан электр шамына (лампа) шикізат ретінде төзімді бамбукты қажет еткен. Сол кезде Киото қаласының губернаторы Эдисонге Сагато орманының бамбугын ұсынған болатын. Кейіннен өнертапқыш сагано орманын көрген соң губернатордың ұсынысынан еш бас тарта алмаса керек.

Шығыс мемлекеттерінде бамбук ағашы белгілі бір мағынаға ие. Мысалы, Үндістанда -  достықтың белгісі, Қытайда – ұзақ жасаудың, ал Жапонияда – жаман рухтан қорғаушы. Сол себептен жапон халқы ғибадатханаларының жан-жағына бамбук ағашын көп өсіреді.

Сагано тұрғындары бамбуктан себет, қорап және ыдыс-аяқ  секілді  сан алуан құрал түрін жасайды.

 

Бамбук тоғайының жалпы аумағы –  16 шақырым. Тоғайда арнайы жүріп тамашалау үшін екі жаяу жүргінші жол бар. Орман бамбуктары барлық бамбук ағашы секілді «Мосо» бойынша өседі. Ол дегеніңіз бамбук небары бір ай ішінде қалыңдығы 20 сантиметрге, ал ұзындығы 20 метрге дейін жетеді деген сөз. Ал ең биік бамбук ағаштары 40 метрге жетіп, диаметрі 35 сантиметр болады.

Оқи отырыңыз: 

Еліңді сүйсең, ерлік істейсің

Ғаламның ғажайып 10 ғимараты

Непал елінің ерекше бал жинау дәстүрі туралы

Александрия шамшырағы туралы біле жүрелік

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.mirkrasiv

Н. Нұрмаханұлы