Жапонияда орналасқан Асу жанартауы атқылап жатыр. Метеорологтардың айтуынша, жанартау атқылауын таңғы сағат 9:43-те бастаған. Қазіргі таңда оның биіктігі екі шақырымға жетіп отыр. Kyodo News-тың хабарлауынша, атқылау кезінде зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өкімет басшылары жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп, тұрғындарды 1,25 милге, яғни радиосы екі жарым шақырым жерге жақындауға тыйым салды.