Әлемдегі ең кішкентай кітап Токиодағы мұражайға қойылды. Микрокітап міндетті түрде үлкейтетін құралымен қоса сатылады.
Кітап бетінің ұзындығы 0,75 миллиметр ғана. Ондағы жазылғандарды көзілдірікпен де, көзілдіріксіз де оқу мүмкін емес.
22 беттік микрокітапта ақ-қара түсті бейнелі суреттер де жоқ емес. Арасында жапондардың сүйікті түстері мен шиенің және өріктің де бейнесі де бар. Кітапты ұсынып отырғандар - Toppan Printing компаниясы.
Компания жұмысшыларының сөзінше, микрокітапты жасау кезінде ақша жасауға арналған технологиялар да қолданылған. Сол арқылы кітапқа арнайы белгілер орнатқан. Бұл жасанды кітаптарға төтеп беретін бірден-бір әдіс.
Әлемнің ең кішкентай кітабын өмірге әкелген Toppan Printing компаниясы Гиннестің рекордтар кітабынан кіруге үміттеніп отыр. Осыған дейін бұл атқа шебер Анатолий Коненконың 1996 жылы шығарған кітабы ие болып келген еді. Оның кітабының бетінің ұзындығы 0,9 миллиметрді құрайтын.
Ол сонымен қатар, "Орыс әліпбиі" деп аталатын көлемі 0,8 мм - 0,8 мм таңғажайып кітап та шығарған еді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: dvinsk.lv