Жаңа Зеландияда 28 кит жағалауға шығып қалды

Жаңа Зеландияда 28 кит жағалауға шығып қалды

Жаңа Зеландияның Фаруэлл жағалауында 28 кит құрлыққа өз-өзін лақтырып тастаған. Өкінішке орай мамандар олардың ешбіреуін де құтқарып үлгермеген.  

Құтқарушылар келгенше алдымен 12 кит өліп қалды. Кейін қалған 16-сы көз жұмды.

Айта кететін жағдай, Фаруелл мен басқа да оңтүстік жағалаулар осындай теңіз жануарларының өлім қақпасына айналып бара жатқанына көп болған. Зерттеушілер де жануарлар арасындағы "суицидтің" себебін нақты айта алмай отыр.  

Санақ бойынша, теңіз жануарларының өлімі жыл сайын қараша мен наурыз аралығында көп тіркеледі екен. Осы төтенше жағдайға байланысты құтқарушылар мен еріктілер тобы бес ай бойы жағалауларды жіті бақылауға алатын болды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: jo-jo.ru

Б. Қосмағамбет