Пальто киген жылқылар қайда өсіріледі? Қай елде адамдарға қарағанда қойлар көп? Бірде-бір жетімі жоқ мемлекет қайсы? Автобустан шығып бара жатып, жүргізушіге рақмет айтатын жолаушылар қай жерде бар? Әрине, бізде емес! Әңгіме Жаңа Зеландия туралы болып отыр.
Жаңа Зеландия – Тынық мұхтының құшағында жатқан (оңтүстік-батыс бөлігінде) аралды ел. Тынық мұхитының орталығындағы Кука, Ниуэ және Токелау аралдары да осы елдің қарамағында жатыр. Батысында Тасман теңізімен беттеседі. Ұзақ уақыт бойы, нақтырақ айтсақ, 1901 жылға дейін Жаңа Зеландия Аустралияның бір бөлігі саналып келді. Тіпті, аустралиялық штаттың бірі болып қалуы мүмкін еді...
Жер аумағы – 268 680 шаршы шақырым. Халық саны – 4 млн. 300 мың. Астанасы – Веллингтон. Екі ресми әнұраны, үш ресми тілі бар: маори, ағылшын, ым-ишара тілі.
Ең алдымен айтатынымыз, елдің климатының үнемі ыстық болып келетіндігі жайлы аңызды сейілту, себебі, жаз маусымында мұндағы ең максимальді климат +25 градусты көрсетеді. Алайда, осы климат халықты қанағаттандырады, олар үнемі (0 градуста да) жұқа киімдермен жүруді әдетке айналдырған, шыныққандықтары соншалықты, ауру дегенді білмейді.
Жаңа Зеландия – жетімдері мен тастанды жануарлары жоқ ел. Баланы тастап кету жаңа зеландиялықтардың әдетінде жоқ, ана баласынан бас тартқысы келсе, оны бірден асырап алады. Баласыз жанұялар асырап алу үшін кезекке тұрады екен.
Жаңа Зеландия өз қонақтарын әрдайым құшақ жая қарсы алады және көрікті орындарымен үнемі қуантумен келеді. Туристер таңғажайып шытырман оқиғаларға тап болса, зерттеушілер жаңа жұмыстың негізін таба алады. Елдің аралдары қалың орман мен биік тауларға бай және сұлу жағажайлар мен мұздықтар, теңіз қолтығы (фьорд) еріксіз тамсандырады. Жаңа Зеландия – дәстүрлі маори мәдениетінің заманауилықпен араласатын мекені.
Жаңа Зеландияға жолыңыз түссе, міндетті түрде әйгілі Коромандель аралына, Таупо өзеніне, Ұлттық Абель Тасман саябағына, Sky Tower мұнарасына, Каикоура, Нейпир қалашығына, Франца-Иосиф мұздығына, Роторуа ыстық бұлағына, Тонгариро саябағына, Аралдар бұғазына, Милфорд Саунд аймағына барыңыз дегіміз келеді.
Жаңа Зеландияның таңғажайып табиғаты мен көрікті жерлерін төмендегі видеолардан көре аласыздар:
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/DMmNRwaczJk","width":"425","height":"350"});
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ZLtvcymZadI","width":"425","height":"350"});
Жаңа Зеландия мен оның тұрғындары туралы ең қызықты деректермен таныс болыңыз:
Ел тұрғындары салауатты өмір салтын жақсы қалыптастырған. Және халық темекіден бас тартады. Сіз қоғамдық орындардың ешбірінде темекі тарта алмайсыз (арнайы орындарды іздеу керек). Темекінің бағасы өте қымбат және жыл өткен сайын қымбаттай түсуде. Билік темекіге тыйым салу туралы заңды қарастырып жатқан көрінеді.
Жаңа зеландиялықтар тазалығымен ерекшеленеді. Көшелерінің тап-таза болғандығы соншалықты, адамдар жалаң аяқ та жүре береді.
Балалар сабаққа бес жастан барады. Бір қызығы – олар бірінші қыркүйек күні емес, өздерінің бес жасқа толған туған күндерінде мектеп табалдырығын аттайды.
Саябақта немесе қала көшелерінде күннен қорғайтын кремдерді тегін тарататын адамдарды байқайсыз. Олар өз отандастарына қамқор келеді. Шөлдесеңіз де, арнайы орнатылған құрылғылардан тегін су іше аласыз.
Жаңа зеландиялықтардың ең сүйікті күні – жұма. Олар бейсенбіден бастап жұманың келгенін тойлай бастайды. Бейсенбі күні ойын-сауық орталықтарында адамдарды көп көре аласыз.
Аустралиялықтар мен кивилердің (Жаңа Зеландия халқы өздерін киви деп атайды) арасы өте тату. Бір-бірі туралы қалжың әңгімелер жиі айтады.
Жаңа Зеландияда әлемдегі ең үлкен ұшпайтын құс (Моа аталады) пен ең үлкен ұшатын құс (Хааста) мекен еткен. Оларды маорилар қырып жіберген. Содан бері экология қатты қадағаланады. Елде АЭС-те, жылу электрстанциялары да жоқ. Бұл – табиғатқа деген қамқорлық. Нәтиже де жоқ емес.
Кивилер – исландиялықтардан кейінгі әлемдегі ең бейбітсүйгіш халық. Алайда, ерлер арасындағы өзіне қол жұмсау ғаламшарымызда ең жоғарғы көрсеткішке ие. Қалай ойлайсыз, екі деректің бір-біріне қатысы бар ма?
Ұшаққа отыру үшін құжат қажет емес, ғаламтор немесе смс арқылы тіркелсеңіз жетіп жатыр. Алайда, сыраны құжатсыз ала алмайсыз. Ал автокөлік қозғалысы солжақты келеді. Катер немесе яхта жүргізу үшін де құжат талап етілмейді.
Автобустан түсіп бара жатып, жүргізушіге рақмет айтуға тиіссіз. Ал жүргізуші сіздің жақсылап жайғасқаныңызша күтіп тұрады.
Жаңа Зеландияда парақорлық пен жемқорлық жоқ десе де болады. Сондықтан да, жақсы жұмыс істесеңіз, 40-50 жылдан кейін үлкен үй мен яхтаны оп-оңай аласыз. Соған қарамастан, халықтың 13%-ы ғана жоғары білім алған.
Жаңа Зеландия халықаралық нарыққа сүт және қой өнімдерінің негізгісін өндіреді.
Елде Taumatawhakatangihangakoauauotamateapokaiwhenuakitanatahu деп аталатын төбе бар. Оның биіктігі – 305 метр.
Жаңа Зеландия – ең пластикалық ел. Мұнда бәрі кредиттік карточкаларды қолданады, қолма-қол ақшаны көру қиын. Тіпті, таксилердің өзінде арнайы терминалдар бар.
Жаңа Зеландия сапалы киімдерімен, балаларға арналған тауарлармен, қой жүнінен жасалатын бұйымдармен танымал.
Киви құсы – Жаңа Зеландияның негізгі нышаны. Бұл құс басқа ешбір жерде өсірілмейді екен.
Әйелдердің ерлермен тең құқық алған алғашқы елі – Жаңа Зеландия. Ядролық қарулардан бас тартқан алғашқы ел де – Жаңа Зеландия. Міне қызық, бұл елде 2005-2006 жылы жоғары мемлекеттік билікте тек қана әйелдер отырып көрген екен.
Жаңа Зеландия – дінге құрылмаған мемлекет. Адамдар өзіне ғана сенеді.
Жаңа Зеландияда қойлар адамдарға қарағанда 10 есе көп.
Елдің солтүстігіндегі аралдан Тынық Мұхитының Үнді мұхитына айналып кеткен жерін көруге болады.
Жаңа Зеландияда жылан жоқ.
Оқи отырыңыз:
Испания
Германия
Америка
Канада
Египет
Корея
Жапония
Дания
Бразилия
Қытай
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:vk.com