Бүгін сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең, ең делінген шыршаларды ұсынғалы отырмыз. Мейрамның ең басты көркі ретінде шырша қарастырылатыны анық. Ендеше, көзді жүгірте кетіңіз!
Көлде жүзген шырша
Жақында Рио-де-Жанейро қаласында салмағы 542 тонна, биіктігі 85 метрге пара-пар әлемдегі ең алып әрі суда жүзетін шыршаның шамы жағылған болатын.
2. Тәп-тәтті шырша (Франция)
Аталған шырша Парижде өткен қайырымдылық шаралардың бірінде жасалған болатын. Биіктігі - 10 метр. Француз шоколадының төрт тоннасы жұмсалған.
Әлемдегі ең қымбат шырша (ОАР)
Абу-Дабиде орын тепкен көрікті шыршаның бағасы орта есеппен алғанда 11 миллион долларды құрайды. Бойы он екі метрден асып жығылатын шыршаға қымбат-қымбат, бағалы алтын мен жауһарлар, гауһартастар ілінген.
Жапониядағы алтыннан жасалған шырша
Жапониядағы әшекей бұйымдарын сатумен айналысатын дүкен сатылымға "VIP-шырша" шығарды. Бұл "өсімдіктің" құны 4,2 миллион долларға бағаланып отыр.
Конус пішініндегі биіктігі 2,4 метр, диаметрі 1,2 метр шыршаны құрастырып шығу үшін 40 килограмм таза алтын пайдаланылыпты.
Электронды шырша (Бельгия)
Осы жылы Брюсселдің тұрғындары жасанды һәм электронды шырша қоюды дұрыс көріпті. Орталық алаңға орнатылған алып шыршаның бір артықшылығы да бар. Мысалы, жаңа жылдық кеште алып шыршаның шырқау биігіне көтерілуге болады.
"Lego" бөлшектерінен жасалған ең биік шырша (Малайзия)
2012 жылы "Lego"-ның бөлшектерінен Азияның тарихында тұңғыш рет "LEGOLAND" ойын-сауық орталығында әлемдегі ең биік шырша жасақталды.
Электрлік шырша (Англия)
Лондондағы жанармай орталықтарының бірінде осы жылы тұңғыш рет электрлік шырша қойылды.
Италиядағы шынылы шырша
Мурано елді-мекеніндегі жаңажылдық шыршаның биіктігі 8,5 метрді құраса, салмағы үш тоннадан асып жығылады. Айта кетсек, шырша мыңдаған шынылы түтіктер арқылы жасалған.
"Ән салатын" шырша (АҚШ)
"Ән салатын шырша" қою дәстүрі Америкада 1953 жылдан бері жалғасын тауып келеді.
Әлемдегі ең биік табиғи шырша (АҚШ)
Аталған шырша Уилмингтон қаласында жайғасқан. Ең алғаш рет 1928 жыл жылы сәнге бөленіпті. Жас шамасы 400 жылдан асып жығылады-мыс. Бүгінгі таңда 5 250 шам-шырақтың "иесі" болып отыр.
сурет:daypic.ru; designstory.ru; mynew-year.ru; liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек