Жаңа әтір пайда болды

Жаңа әтір пайда болды

Пиццаны жақсы көресіз бе? Сөзсіз, әрине, бірнешеуіне тапсырыс беріп, жақын достарды шақырып алып, соңғы шыққан кинолардың бірін көргенге не жетсін?! ...Қорапта бір түйір пицца қалмаса да, бөлме ішін тағамның иісі кезіп жүрсе қандай күйге түсер екенсіз?

Таяуда канадалық ғалымдар пиццаның исі шығатын әтір ойлап тапты. Бір қызығы, сауалнама барысында пиццаның иісіне құмар жандардың қатары өздері ойлағаннан тіпті көп болып шыққан.

Айта кететін болсақ, жаңа әтірден ерітілген ірімшіктің және тағам құрамына кіретін көптеген азық-түліктердің иісі шығады.

Ойландыратыны, мұндай әтірді адамдар қандай мақсатта тұтынады екен?

сурет:mtvarisklubi.com

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

Л. Лига